Жариялану тәртібі

 

 

Мақаланың көлемі (әдебиеттер тізімін, кестелерді және суреттегі жазуларды қосқанда) 10 беттен аспауы тиіс. Мәтін қаріп көлемі – 14, жоларалық интервалы – 1, барлық шеті – 20 мм., «Times New Roman» және «Times Kaz» шрифтінде, WORD 6.0 - 7.0. редакторында теріледі. Мақала мәтіні А4 форматтағы ақ параққа, қағаздың бір жағында, бір бағанда, нақты шрифтпен принтер арқылы басылуы тиіс. Барлық парақ беттері төменгі жақтың оң бұрышында бірыңғай нөмірленеді. Мәтінде міндетті түрде сілтемелері бар суреттер ақ-қара түсте және бөлек ұсынылады.
Мақала келесілермен қамтылады:
1. УДК, ГТАМР индексі – бірінші бетте жоғарғы жақтың сол бұрышында.
2. Тақырыбы. Мақаланың атауы қысқа (10 сөзден аспауы), бірақ зерттеудің негізгі нәтижелерін көрсететін, хабарландыратын болуы керек. Тақырыбы қаралау бас әріппен, 14 қаріп көлемімен теріледі, атауында көпшілікке танылған сөздерден бөлек қысқартулар қолданылмайды. 
3. Авторлардың аты-жөні, қаласы, мемлекеті, электрондық мекен-жайы жазылады.
4. Аңдатпа (600 баспа таңбасына дейін). Мақаланың тақырыбы, тәжірибелік құндылығы, жаңалығы, негізгі ережелері және зерттеу қорытындылары қамтылады.
5. Тірек сөздер (5 сөзден аз болмау тиіс, 9 сөзге дейін). 
Мақаланың атауы, авторлар туралы мәліметтер, аңдатпа және тірек сөздер үщ тілде ұсынылады: мемлекеттік, орыс және ағылшын.
6. Мақала мәтіні төменгі тарауларды қамтуы тиіс:
- Кіріспе;
- Зерттеудің нысандары мен әдістері;
- Нәтижелері мен оларды талқылау;
- Қорытынды, тұжырым;
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі (библиографиялық тізімі МЖМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері» сәйкес дайындалады. Әдебиеттер тізімі мәтінде жұмыста келтірілген тәртібі бойынша орындалады. Мақала мәтінінде әдебиеттер тізімінде келтірілген дереккөздердің реттік нөмірі тік жақшада беріледі. Электронды құжаттарға сілтемелері МЖМСТ 7.82-2001 «Библиографиялық жазба. Электронды ресурстардың библиографиялық сипаттамасы» сәйкес дайындалады. Үштен астам интернет-дереккөздерін, сонымен қатар жарияланған уақытынан 10 жыл өткен әдебиеттерін пайдалану ұсынылмайды.
Мақаланың жазба түрін жете тексеру керек және барлық авторларға негізгі мәтіннің соңғы бетіне қол қою қажет. Мақалалардың барлығы жалпы редакциялануы тиіс. Ұсынылған мақалалар авторларға қайтарып берілмейді. Мақалалар редакция алқасы қарастырғаннан кейін ғана жариялануға қабылданады.
Редакцияға келесі материалдарды ұсыну қажет:
1. Мақаланың электронды нұсқасы. Мақала файлы бірінші автордың атымен аталуы керек – ИзтаевАИ.doc.
2. Мақаланың басып шығарылған данасы қатаң түрде электронды нұсқасына сәйкес келуі керек. Айырмашылық табылған жағдайда, редакция мақала жазбасының электронды нұсқасына.
3. Авторлар туралы мәліметтер: әрбір автордың толық аты-жөні, атқаратын қызметін, құрылымдық бөлімшесін, ғылыми атағын, дәрежесін көрсете отырып жұмыс істейтін орны мен мекен-жайы; байланыс телефоны, үй мекен-жайы, электронды поштасы, туған жылы. Жұлдызшамен хат алысатын авторды белгілейді. Файлды бірінші автордың тегімен атау тиіс.
4. Бас редактордың атына жолданған хат тіркелген күні мен шығыс нөмірі көрсетілген, жұмыстың өзектілігі расталған және жариялауға ұсынылған, мекеме бастығының қолы қойылған мекеменің арнайы бланкісінде жіберіледі (АТУ қызметкерлері үшін кафедраларына сәйкес (НИИ) мәжіліс хаттамасынан үзінді көшірмесі мақала басылымдарымен бірге ұсынылады).
5. Мақала тақырыбына сәйкес маманның (ғылым докторы) 2 рецензиясы. Рецензияның біреуін ғылым кандидаты жазуына рұқсат етілген.
6. Ашық түрде жариялану мүмкіндігі туралы сараптама қорытындысы (АТУ қызметкерлері үшін талап етілмейді).
7. Төленгені туралы түбіртектің көшірмесі.

Журналды  шығаруға  шығынның орнын толтыру үшін  бір жарияланымға - 6500 тенге мөлшерінде   құны белгіленген. АТУ қызметкерлері үшін төлем 4000 тенгені құрайды. 

Журналды өткізу бағасы - 1100 тенге. 

Басылымға жазылу индексі– 75907. "Қазпошта" АҚ -ның кез- келген бөлімшесінде  журналға  жазылуды рәсімдеуге болады

Редакцияның мекен –жайы:  050012, Алматы қаласы, Төле би көшесі, 100, Алматы  технологиялық  университеті, Ғылым бөлімі, тел.: 8 (7272) 93-53-19, ішкі. 178 е-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. .

Төлем деректемелері:

РНН 600700012258,

ИИК КZ878560000000011134

КБе 17, БИК 190501719

SWIFT KCJBKZKX

БИН 990840000359

«БанкЦентрКредит».

 

Шет елдік авторлар АҚШ долларымен Ұлттық банктің ағымдағы курсы  бойынша   төлем жүргізе алады.  

Жарияланым төлемі үшін деректемелер:

Алматы технологиялық университеті,

АҚ "Банк Центркредит" Алматы қаласы,

БИК KCJBKZKX, КБЕ 17,

БИН 990840000359,

ИИК KZ878560000000517280.