Іздеу

Мақалаларға рецензия жазу

 

«АТУ ХАБАРШЫСЫ» ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНА ТҮСКЕН МАҚАЛАЛАРҒА РЕЦЕНЗИЯ ЖАЗУ ТӘРТІБІ

1. Журнал редакциясына түскен ғылыми мақалалардың барлығы мақала тақырыбына сәйкес маманның (ғылым докторы) 2 рецензиямен жолдануы тиіс. Рецензияның біреуін ғылым кандидаты жазуына рұқсат етілген.
2. Редакция алқасының жауапты хатшысы мақаланың журнал тақырыптарына, рәсімдеу талаптарына сәйкес келетінін анықтайды, мақаланың тақырыптық тарауларға қатысын анықтайды, ұсынылған рецензияның толықтығын бағалайды және мақаланың жазба мәтінін тексеру үшін университеттің Ғылыми-техникалық Кеңесінің сәйкес секциясына қарастыруға жібереді. Содан кейін, қажет болған жағдайда, редакция кеңесінің бір мүшесіне немесе сыртқы рецензентке – мақала тақырыбына ғылыми бағыты жақын маманына рецензия жазу үшін мақала жіберіледі.
3. Мақаланы максималды жедел түрде жариялау үшін құрылған шарттарды ескере отырып рецензиялау мерзімі анықталды және орнатылды: 5 күн ҒТК секциясы қарастырады және 10 күн редакция кеңесінің мүшесіне немесе сыртқы сарапшысына қарауға беріледі.
4. Мақаламен бірге ұсынылған рецензияда және редакция кеңесінің мүшесінің немесе сыртқы сарапшының қосымша рецензиясында келесі сұрақтар қамтылуы тиіс:
а) ұсынылған тақырып атауына мақаланың мазмұны сәйкес келе ме;
б) ғылым саласындағы қазіргі жетістіктеріне мақала қаншалықты сәйкес келеді;
в) материалдардың орналасуы, кестелердің, диаграммалардың, суреттердің және формулалардың көрнекілігі, тілі, стилі жағынан мақала материалы оқырмандарға түсінікті ме;
г) мақала материалдарының жаңашылдығы есебінен мақаланы жариялау орынды ма;
е) автордың өзі енгізу үшін қандай кемшіліктер, түзетулер мен толықтырулар ұсынылады;
ж) рецензент көрсеткен кемшіліктерді түзету немесе «АТУ Хабаршысы» ғылыми журналында мақаланы жарияламау ұсынылады.
5. Автордың өзі ұсынған және қосымша берілген рецензиялардың барлығы рецензия берушінің жұмыс істейтін мекемесінде орнатылған ережелер бойынша куәландырылады.
6. Қосымша рецензиялау құпия түрінде жүргізіледі («екіжақты көмескі рецензиялау»), авторға рецензенттің аты-жөні, ал рецензентке мақала авторының аты-жөні айтылмайды. Рецензияланған мақала авторына рецензенттің ескертулерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
7. Егер рецензияда мақаланы түзету немесе қайта өңдеу туралы ұсыныстар берілсе, онда журналдың жауапты хатшысы авторға рецензенттің ескертулерін ескеру, мақаланың жаңа нұсқасын дайындау үшін немесе оларды дәлелді түрде (біртіндеп немесе толықтай) жоққа шығару үшін мақаласы жіберіледі. Автордың өзі өңдеген (қайта қараған) мақаласы қайта рецензиялауға жіберіледі.
8. Рецензент жариялауға ұсынбаған мақаланы қайта қарастыруға қабылданбайды. Теріс қорытынды мәтіні электронды пошта арқылы авторға жіберіледі.
9. Дұрыс рецензияның бары мақаланы жариялау үшін жеткілікті негіз болып саналмайды. Мақсатқа сәйкес жариялануы туралы соңғы шешімді редакция алқасы қабылдайды.
10. Редакция алқасының мақаланы жариялауға рұқсат туралы қабылдаған шешімінен кейін авторға электронды пошта арқылы журнал нөмірі мен мақаланы жариялау мерзімі хабарланады.
11. Рецензия түпнұсқалары журнал редакциясында 1 жыл көлемінде сақталады.
Редакция журналға жариялауға ұсынылатын мақалаларды бағалауға қатысатын рецензия жазушыларды Committee on Publication Ethics (COPE) құрылған, COPE Ethical Guidelines for Peer Reviewers (Рецензенттерге қажет этикалық принциптер) жарияланған принциптерді сақтауға шақырады.