Іздеу

Жалпы ақпарат

 

«Алматы технологиялық университеті Хабаршысы» журналы 1996 жылдан жарияланып келген «Тамақ технологиясы және сервис» атты ғылыми журналының құқылы ізін жалғастырушысы болып табылады.

Журнал Қазақстан Республикасы ақпарат және мәдениет Министрлігінің ақпараттар мен мұрағаттар Комитетінде тіркелген. Тіркелуі туралы куәлігі: 08 қазан 2013 жыл № 13928-Ж.

Журнал жылына 4 рет шығады.

Журналдың жеке меншігі және құрылтайшы – «Алматы технологиялық университеті» Акционерлік қоғамы.

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Таратылу аймақтары – Қазақстан Республикасы, ТМД елдері және қиыр шетел. «ҚазПошта» АҚ Каталогындағы журналдың жазылу индексі – 75907.

Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті өкілінің Бұйрығымен журнал Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті техникалық ғылымдар мен технологиялар бойынша (жеңіл, тамақ және қайте өңдеу өнеркәсіптері бойынша) ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялау үшін ұсынған ғылыми баспалар тізіміне енгізілді. 

Журналдың (2017 жылға Қазақстандық дәйексөз алу базасының мәліметтері бойынша (АҚ «ҰМҒТСО») – 0,043) нөлдік емес импакт-факторы бар.